18 қаң, 2024 сағат 11:15

Астанада сот орындаушылары мүгедектігі бар тұрғындарды жәрдемақысыз қалдырған

© Photo: Рixabay/Steve Buissinne

Астанада сот орындаушылары мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шотына бұғат қойған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 миллион теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастырылып жатыр", - делінген хабарламада.