Фото ©REUTERS
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының қызметкерлері физикалық тұрғыда шаршағандықтан, кейбір тапсырмаларды орындай алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
АЭХА Twitter-де станция қызметкерлері үш аптаға жуық үзіліссіз жұмыс істегенін айтты.
"Украиналық реттеуші Чернобыльдағы қызметкерлер үш аптаға жуық үзіліссіз жұмыс істеген соң физикалық және психологиялық жағынан шаршағандықтан, қауіпсіздікке байланысты жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс істемейтінін айтты", - делінген АЭХА хабарламасында.