Қазақстанда ай сайын төленіп отырған ең жоғары зейнетақы көлемі 522 610 теңгені құрайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2021 жылдың 1 ақпанына БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды», - делінген ақпаратта. Оның ішінде:
- біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд теңге;
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 2,1 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңге.
«Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды», - деді ведомстводан.