Көрнекі сурет: Kazpravda.kz
Бұрынғы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке депутаттық пәтерге қатысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Депутат ретінде қанша табыс аласыз, депутаттық пәтерге үміттісіз бе" – деп сұрады журналистер Парламент отырысында Аймағамбетовтен.
29 наурызда Астанада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы өтті, оған Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаты ретінде келді.
"Үкімет қаулысы бар. Мен әрқашан осылай жауап беремін, қазір де ерекшелік болмайды. Барлығы реттеледі. Заңда көрсетілген нәрсені орындаймыз. Пәтерге келетін болсақ, мен осында тұрамын. Мен тұратын тұрғын үй кешенінде жеке пәтерім бар. Бүгінде ешқайда көшпеймін. Алдын ала кесіп айтқым келмейді, бірақ жоспарымда жоқ", - деп жауап берді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.