14 мау, 2024 сағат 18:45

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қайтыс болды


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Қазақ КСР-нің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов дүние салды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Ол 1987-1990 жылдар аралығында Денсаулық Сақтау министрі қызметін атқарған. Кейін президент аппараты мен Қазақстан министрлер кабинетінде сектор меңгерушісі және бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Ізмұхамбетов Жоғарғы Кеңестің және Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды.