Азаматтарды шешім қабылдаудың барлық деңгейіне араластыру, Мәжілістің өкілетін орталықсыздандыру. Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен ҚР Президентінің халыққа Жолдауында осы мәселелердің айтылуы ұнағанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін біз реформалар туралы маңызды ұсыныстарды естідік. Бұл біз Қазақстанда іске асқанын көргіміз келетін реформалар деп айтуға болады. Мен үшін азаматтарды шешім қабылдаудың барлық деңгейіне араластыру, Мәжілістің өкілетін орталықсыздандыру сияқты бастамалар ең қызықты тұсы болған сияқты. Менің ойымша, бұл ұсыныстар елдің әрі қарайғы экономикалық және саяси тұрғыда дамуында маңызды рөл атқарады», - деді Моника Иверсен.
Сондай-ақ, Елші Жолдауда айтылған кейбір мәселелерді шешудегі Германияның тәжірибесіне тоқталды.
«Конституциялық сот құруда Германияның тәжірибесі жақсы таныс. Мұндай жүйеде адамдар ең жоғары деңгейде жүгіне алады. Сондай-ақ, Үкіметті орталықсыздандыру және өңірлік орталықтарға, өзін-өзі басқару институттарына көбірек өкілет беру туралы айтылды. Жергілікті әкімдіктердің ресми өкілдері халыққа жақынырақ болып, олардың мұқтаждықтарына бұрынғыдан жақсырақ үн қататын болады. Бұл бүкіл өңірлерді қаржыландыру жүйесін жетілдіреді. Маған БАҚ-тағы сөз ерккіндігі мен саяси процестерге азаматтық қоғамның атсалысуы туралы айтылғаны қатты ұнады. Германияда осындай тәжірибе бар. БАҚ өте өзекті сұрақтар қоя алады. органдарды жауапкершіліккке тарта алады. Мұны аталған органдарды жауапкершілікке тартудың жақсы тәсілі деп қарауға болады», - Моника Иверсен.