Фото: transcard.kz
Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлік ақысы 110 теңге болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды, - деп мәлімдеген болатын Астана әкімдігі.
Еске салсақ, қалалық маршруттарда жол жүру құны 90 теңге деп 10 жыл бұрын қыркүйекте белгіленді.
18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып қалады, ол үшін мектептің көлік картасын көрсету шарт.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:
- ІІ Дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
- жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- көпбалалы аналар;
- көпбалалы отбасылар;
- мүгедектер;
- он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
- «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.