Сурет: pixabay
"Казгидромет" РМК 11 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ ал Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Сондай-ақ, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырауда 11 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Бүгін түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 11 наурызда Ақмола облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қаласы жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз облысының оңтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ал Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
11 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м /с күтіледі. 11 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м /с.
11 наурызда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 11 наурызда күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі.
11 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 11 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
11 наурызда Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 11 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.
12 наурызда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, 13 наурызда түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 11-13 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 13 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 11-13 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 11 наурызда күндіз, 12-13 наурызда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 12 наурызда күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 13 наурызда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 наурызда күндіз найзағай күтіледі. 11-12 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 12-13 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ.: 11 наурызда түнде тұман күтіледі. Қонаев қ.: 11 наурызда түнде тұман күтіледі.