Алматы жаппай тәртіпсіздік жойқын салдарынан біртіндеп қалпына келтірілуде. Осылайша, бүгін оңтүстік астанада Halyk Bank қазақстандық банктер арасында бірінші болып заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған өзінің үш бөлімшесінің жұмысын іске қосты.
Қазіргі уақытта Алматыда ашылған банк бөлімшелерінің мекенжайы:
— Розыбакиев к-сі, 101 үй (жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
— Гагарин к-сі, 135/8 үй (жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
— Гагарин к-сі, 135/8 үй (заңды тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
Ашылған бөлімшелердің барлығы бүгін сағат 16:30-ға дейін жұмыс істейді.
Бөлімшеге жүгіну арқылы заңды және жеке тұлғалар үшін банк барлық қызмет түрін ұсынады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ертең Алматыда Halyk Bank-тің 26 бөлімшесі жұмыс істей бастайды. Жұмыс кестесі 09:00-ден 17: 00-ге дейін.
Сонымен қатар бүгін Halyk Bank-тің Алматы банкоматтарында қолма-қол ақшаны қамтамасыз ету бойынша жұмысын тұрақтандыру басталды.
Өзекті ақпаратты Halyk Bank-тің ресми сайты www.halykbank.kz арқылы алуға болады.