16 қар, 2022 сағат 18:09

Бұдан былай Қазақстанның табиғи байлығы олигархтарға емес, халыққа тиесілі болады - Тоқаев


Мемлекет басшысы студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде Қазақстанның басты байлығы туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент алдымен жеріміздің түрлі ресурсқа бай екенін, Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіндегі бүкіл элемент кездесетінін еске салды.

"Бұдан былай Қазақстанның бүкіл табиғи байлығы олигархтар мен олардың мүддесін қорғайтын плутократ-шенеуніктерге емес, бүкіл халыққа тиесілі болады. Бұл маңызды ережені Конституция деңгейінде бекіттік. Алайда еліміздің ең басты байлығы – адам. Сондықтан мемлекеттің ең басты міндеті – олардың өз қарым-қабілетін іске асыруына барлық қажетті жағдайды жасау", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.