06 қыр, 2022 сағат 18:44

Британияның экс-премьері иті мен мысығын айтып әзілдеді


Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрінің Даунинг-стриттегі резиденциясының қақпасында қоштасу сөзін сөйледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Борис Джонсон қызметінен кеткеннен кейін Қауымдар палатасындағы орнын сақтап қалады. 

«Консерватор әріптестеріме айтарым, саясатты тоқтататын кез келді. Біз бәріміз Лиз Трасс пен оның бағдарламасы төңірегінде бірігіп, ел халқына қызмет етуіміз керек. Соңғы үш жылда мені және менің отбасымды, тіпті итім Диланды бақылағандардың барлығына рахмет. Партияма әрқашан мынаны айтқым келеді, егер итім Дилан мен мысығым Ларри өз қиындықтарын жеңе алса, Консервативтік партия да жеңіске жете алады», - деп әзілдеді Британ үкіметінің бұрынғы басшысы. 

Борис Джонсон көптеген жанжалдар, соның ішінде коронавирусқа қатысты оқшаулау кезінде даунинг-стриттегі сауық кештерден кейін премьер-министр қызметінен кетуге мәжбүр болды. 

Еске сала кетсек, Британияның жаңа премьер-министрі қызметіне Лиз Трасс сайланды.