Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нұр-Сұлтан уақытымен 08.57-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мамыр фьючерстерінің бағасы 6,266 пайызға, барреліне 130,93 долларға дейін, WTI маркалы сәуір фьючерстерінің бағасы 5,461 пайызға, яғни 125,92 долларға дейін өсті.