Бразилияда өткен жексенбіден бері із-түзсіз жоғалып кеткен журналист пен жергілікті халықтардың мәдениетін зерттеп жүрген сарапшы іздестіріліп жатыр. Британдық Дом Филипс пен бразилиялық Бруно Перейр Перумен шекараға жақын маңдағы Жавари нуында жоғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
«Біз тергеу нұсқаларының бірде-бірін елеусіз қалдырмаймыз. Екі басты бағытымыз бар. Іздеу тоқтаған жоқ. Қылмыс та жасалған болуы мүмкін», - дейді Амазонас штаты полициясының бастығы Александр Эдуардо Фонтес.
Бүгінге дейін полицияға 6 адам хабар айтқан.
Жергілікті халықтар ісі жөніндегі агенттік өкілі Марсело Ксавье Вале-ду-Жаваридің аумағы екі Португалия территориясына тең екенін және бұл аймақтың аса қонақжай емесін есекеру керектігін алға тартады.
«Екі адам ғана болып, қауіпсіздік органдарына ресми түрде ескертпестен, жергілікті халықтар тұратын аумаққа кіріп кеткені қиын жағдай болып тұр», - дейді ол.
Адамдар Дом Филипс пен Бруно Пререйраның соңғы рет қайықпен серуен құрып жүргенін көрген. Олардың ізінен ерген ер адамды сақшылар ұстап, кейіннен босатқан.