Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсембаев қызметінен босатылды, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада.