Қазақстан тәуелсіздік жылдарында бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру үшін күрделі жолдан өтті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев елордада өтіп жатқан Жаһандық инновациялық саммитте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан тәуелсіздіктің 30 жылында бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру үшін күрделі жолдан өтті. Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президент-Елбасының басшылығымен табысты құрылымдық реформалар жүргізілді. Саммитке келген шетелдік қонақтарға тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекет жалақы мен зейнетақы төлей алмаған кез болғанын, Қазақстан гиперинфляцияға, тұрақты бюджет тапшылығын айтқым келеді. Жұмыссыздар саны екі миллион адамға жетті, 130 ең ірі кәсіпорын тоқтап, ЖІӨ бір жыл ішінде 60% - ға төмендеді», - деп еске салды Әсет Исекешев.
Сонымен қатар, ЖІӨ тәуелсіздік жылдары 11 млрд доллардан 170 млрд долларға дейін өскенін атап өтті.
«Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялар көлемінің 70%-ға жуығы Қазақстанға тиесілі. Елге 300 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция салынды, бұл барлық ірі дамыған елдерден инвесторлардың сенімін көрсетті. Ел бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша 28-ші орында, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 59-шы орында тұр. Өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Қазақстан адами капиталды дамытудың озық бағдарламаларын іске қосты. 90-шы жылдары Елбасы «Болашақ» бағдарламасын іске қосты. Кейін басқа да жобалар іске қосылды, оның ішінде «Назарбаев Университеті» де бар. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үздік шетелдік жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам маман дайындалды», - деп толықтырды Әсет Исекешев.