Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан арқылы Ресейге өтпек болған бес шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"4 тамызда ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерде Ресей Федерациясы аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады" - делінген хабарламада.
Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.