Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі $15,9 млрд құрады. Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен де жоғары.
Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Желідегі жазбасында министр биылғы жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы баяндайды.
«Жылдың соңғы айы өте қызықты және нәтижелі болды. Кездесулер, сапарлар, келіссөздер, жақсы келісімдер өте көп. Жақын болашақта біз осы желтоқсан айындағы барлық келіссөз нәтижелерінен жақсы «қорытынды» болады деп үміттенеміз. Өткен жылғы жетістіктерімізге тоқталсақ, олар тиісті шаралар Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан, БАӘ, Иранның бірнеше аймақтарында өтті.
Сауда-экономикалық миссияларының барлық қатысушыларына (және биыл олардың саны 250-ден көп) мемлекет ұшып қайтуымен мен тұруды қамтамасыз етеді. Миссиялар аясында ұйымдастырылған В2В кездесулерінде мыңға жуық әлеуетті импорттаушылар қатысты.
Сауда-экономикалық миссиясына қатысқан компаниялардың бір бөлігі-экспорттық акселерация бағдарламасының өткен және осы жылғы түлектері. Олардың кейбіреулері өз өнімдерін Шанхай көрмесінде және Дубай-ЭКСПО ұлттық стендінде ұсынды. Бұл да экспорттаушыларды сервистік қолдаудың бір бөлігі», - дейді министр.
Оның сөзінше, мемлекеттік қолдаудың осы құралын іске асырудың қорытындысы бойынша құны $280 млн 62 келісімшарт жасалды. Оның ішінде $54 млн акселератор түлектеріне тиесілі. Азық-түлік өнімдерін сатуға арналған келісімшарттардың көпшілігі: тұз, ұн, ет және ет өнімдері, макарон, консервілер, бал, өсімдік майы, сүт ұнтағы. Сондай-ақ, машина жасау, металлургия өнімдерін жеткізуге, IT-қызметтерге келісімшарттар бар.
«Жалпы, егер ковидке дейінгі жылдармен салыстыратын болсақ, онда біз сауда миссиясын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды 2 есеге жуық қысқарттық. Бірақ сонымен бірге олар сауда-экономикалық миссиясына қатысушыларының санын және экспорттық келісімшарттардың саны мен көлемін арттыра алды. Қорытынды экспорттаушыларды сервистік қолдауға жұмсалатын тікелей шығындардың 1 теңгесіне тауар өндірушілер кірісінің 329,6 теңгесі тиесілі болды.
Жалпы, жыл жақсы экспорттық нотада аяқталады. 10 айдың қорытындысы бойынша биылғы жылы шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі $ 15,9 млрд.құрады, бұл өткен жыл ішіндегі шикізаттық емес экспорттан да көп, және біз ковидке дейінгі 2019 жылы әлеммен сауда жасағанымыздан да көп. Жыл бойынша жалпы нәтижелерді біз тек ақпан айында ғана көреміз, алайда, қарқын сақталатынына сенімдімін. Қызметтер экспортымен бірге (және ол бірінші жартыжылдықта өсіп, $2,7 млрд құрады), менің ойымша, шикізаттық емес экспорттың $25 млрд көрсеткішіне шығамыз деп ойлаймын», - дейді Бақыт Сұлтанов.