17 нау, 2021 сағат 15:13

Биыл пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі артты

Осы жылдың алғашқы 2 айында Қазақстанда 2020 жылға қарағанда 12,8 пайызға көп тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-ақпанында тұрғын үй құрылысы бойынша 1 893 000 м2-ден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,8 пайызға артық. Республикада барлығы 15 807 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 5 487-сі жеке үй болып саналады», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде. 

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы барлық өңірлерде байқалады: 

Атырау (225,7%), Қостанай (123,5%), Павлодар (119,3%), Ақтөбе (118,7%), Маңғыстау (114,1%), Қарағанды (113,6%), Батыс Қазақстан (112,6%), Атырау (112,4%), Солтүстік Қазақстан (111,4%), Ақмола (110,6%), Шығыс Қазақстан (107,9%), Жамбыл (102,8%)), Қызылорда (101,9%), Алматы (101,6%), Түркістан (101,5%) облыстары мен Шымкент қаласы ( 456,5%), Алматы (110,9%) және Нұр-Сұлтан (106,4%) қалалары. 

Сонымен бірге тұрғын үй құрылысына инвестициялар 231,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,5 пайызға жоғары.