Қазақстанның өңірлеріне қандастарды қабылдаудың 2020 жылға арналған квотасы бекітілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17 тамыздағы №223 «2020 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы» бұйрығы шықты.
Оған сәйкес, 2020 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - 1 378 адамды, ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - 4 750 адамды құрайды.