12 ақп, 2021 сағат 11:01

Биыл Қазақстанға тұрақты тұруға келетін 12 мың қандасқа қолайлы жағдай жасалмақ

2021 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға ниет танытқан 12 мың қандасымыз үшін қолайлы жағдай жасалады.

Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту жұмысы жалғасады. 2021 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға ниет танытқан 12 мың қандасымыз үшін қолайлы жағдай жасалып, одан ары жыл сайын 2 мың адамға арттыру есебінен 2025 жылға қарай 20 мың адамға жеткізіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, 2021 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға жұмылдырылған халықтың үлесі кемінде 31 пайызға жетіп, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш кемінде 35 пайызға артады.

«Барлық діндердің өзара құрметі мен теңдігін қолдауға бағытталған бағдарды сақтау мақсатында жыл сайын 10 сұхбат алаңы ұйымдастырылады», - деді Асқар Мамин.