Биыл қазақстандықтардың 100-ден астам юрисдикциядағы қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз электронды шот-фактураларды пайдалану міндетті болатын субъектілердің тізбесін кеңейтуге ниеттіміз. Қазіргі кезде электрондық шот-фактураларды тек қосылған құн салығын төлеушілер, сондай-ақ, пилоттық режимде дәрілік заттар мен алтын кенін өткізушілер ғана қолданады», - деді ол.
Министр капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды. Осы жылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады», - деді Ерұлан Жамаубаев.