27 жел, 2023 сағат 14:08

Биыл 9 айда жастардың бизнес идеяларын қолдау үшін 5587 микрокредит берілді

Фото: mos.ru

Биыл 9 айда жастардың бизнес идеяларын қолдау үшін 5587 микрокредит берілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев хабарлады.

"Биыл наурыздан бастап жастардың бизнес идеяларын қолдау үшін жеңілдікті 2,5%-бен микрокредит беру басталды.

Жасы – 21-ден 35 жасқа дейін. Кредиттің мөлшері - 5 млн. теңгеге дейін. Кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін (ауыл шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін). Каникул (жеңілдік) кезеңі - кредит беру мерзімінің 1/3 бөлігіне дейін, яғни осы кезеңде кредитті төлеу қажет емес!

Ең қолайлы кепілдік саясаты – банк депозиттері мен арнайы техника да қабылданады. Құжаттар топтамасы өте аз.

Бағдарлама іске асырылған 9 айда 26 млрд теңге сомаға 5587 микрокредит мақұлданып, берілді" - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Барлық қажетті ақпарат Аграрлық несие корпорациясының сайтында орналасқан немесе 5353 байланыс орталығына хабарласуға болады.