2021 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаумен жартты миллионға жуық адам қамтылуы мүмкін, деп хабарлайды Finprom.kz порталы.
Айта кетейік, 2025 жылы өзінің табысы жайында елдің барша халқы есеп беретін болады.
Биылдан бастап Қазақстанда кіріс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңмен енгізіледі.
Ел азаматтары активтері мен міндеттемелері туралы ақпарат береді, онда меншік иелігіндегі мүлік көрсетіледі.
Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру. Халықарадық тәжірибеде кіріс пен мүлікті декларациялау бірқатар мемлекетте іске асырылып келеді.