18 там, 2020 сағат 14:25

Биыл 1,2 млн-нан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

2020 жылдың соңына дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1,2 млн қазақстандықты қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспардың 2/3 бөлігі орындалды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов мәлім етті.

«Елімізде жұмыс істейтін барлық мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 1 млн 220 мың адамды тарту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда бұл шаралармен 743 мың қазақстандық қамтылған», – деді С.Шапкенов.