11 сәу, 2024 сағат 12:47

Бишімбаевтың адвокаты судьяны ауыстыруды талап етті


Астанада Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяны ауыстыруды талап етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі уақытта Ғазымжанов сот залында Бишімбаевтың жалғыз қорғаушысы болып отыр. Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова сот процесіне кешіккендіктен, судья Айжан Құлбаева олардың сот отырысына үзілістен кейін ғана қатыса алатындарын айтты.

Судья сотқа шақырылмаған куәгерлердің айғақтарын оқуға рұқсат берді. Ерлан Ғазымжанов мұның заңсыз екенін айтты. Сол үшін Қуандық Бишімбаевтың адвокатына судья Айжан Құлбаева сот процесіне қатысушыларды жаңылыстырғаны үшін ескерту жасады. Осыдан кейін енді қорғаушылар судьяны ауыстыруды сұрап отыр. 

Алқабилер сот залынан шығарылып, сот процесінің тікелей эфирі тоқтатылды.