Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткіліктілік деңгейі айтарлықтай өседі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) қалай есептелетінін түсіндірді.
"2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілді.
Бұл құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақтарын қалыптастырған салымшылар пайдалана алады. Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында: «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері» деп айқындалған.
ТЖШ айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы №1042 қаулысымен (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістерімен және толықтырулармен) бекітілген.
Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшеліктері үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі" - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, әдістемеге сәйкес ТЖШ анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады.
2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ЕТЖ мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті.) 2022 жылға ТЖШ мөлшері де көбейтілді. Аталған мәлімет төменде көрсетілген:
Жас ерекшеліктері | ТЖШ, теңгемен |
20 | 3 140 000 |
21 | 3 250 000 |
22 | 3 370 000 |
23 | 3 490 000 |
24 | 3 610 000 |
25 | 3 730 000 |
26 | 3 860 000 |
27 | 3 980 000 |
28 | 4 110 000 |
29 | 4 240 000 |
30 | 4 370 000 |
31 | 4 510 000 |
32 | 4 640 000 |
33 | 4 780 000 |
34 | 4 920 000 |
35 | 5 060 000 |
36 | 5 200 000 |
37 | 5 350 000 |
38 | 5 490 000 |
39 | 5 640 000 |
40 | 5 790 000 |
41 | 5 950 000 |
42 | 6 100 000 |
43 | 6 260 000 |
44 | 6 420 000 |
45 | 6 580 000 |
46 | 6 750 000 |
47 | 6 920 000 |
48 | 7 090 000 |
49 | 7 260 000 |
50 | 7 430 000 |
51 | 7 610 000 |
52 | 7 790 000 |
53 | 7 970 000 |
54 | 8 150 000 |
55 | 8 340 000 |
56 | 8 530 000 |
57 | 8 720 000 |
58 | 8 920 000 |
59 | 9 120 000 |
60 | 9 120 000 |
61 | 9 120 000 |
62 | 9 120 000 |