ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері неге артатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы «ең төменгі жеткіліктілік шегі» ретінде қарастырылады. Оның мөлшері ай сайын табыстың 10%-ын тұрақты зейнетақы жарнасы ретінде аудара отырып зейнет жасына жеткен салымшының жинағындағы ақшаның ең төменгі мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерін төлеуге мүмкіндік беру керек. «Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің тиімділігі еңбек кірісі болмаған кезеңдегі салымды зейнетақы төлемдерімен алмастыру деңгейімен айқындалатынын ескерсек, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысымен бекітілген төмен жеткіліктілік мөлшерін айқындау әдістемесі бойынша зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау кезінде ең төменгі жалақы мөлшері, сондай-ақ ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты көрсеткіштер пайдаланылады және «Республикалық бюджет туралы» Заң бойынша жыл сайын индекстеледі», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомствоның түсіндірмесінде біржолғы зейнетақы төлемін алуға қажет төменгі жеткіліктілік мөлшері жыл сайын бекітіліп отыратыны айтылған.
«Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін (немесе 41%) арттыруды тапсырды. Ең төменгі жалақының ұлаятыны туралы болжам төмен жеткіліктілік мөлшеріннің синхронды ұлғаюына әкеліп отыр. Бұл болашақ зейнеткерлердің кейін алатын зейнетақысын еңбек табыстарының өзгеруіне барабар деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді», - деп жазылған ведомсвтоның мәліметінде.