15 мау, 2023 сағат 11:15

Бірқатар ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына білім грантын бөледі

Сурет ашық дереккөзден алынды

Еліміздегі бірқатар ЖОО Абай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына білім грантын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ 10 білім беру грантын және оқу орны қызметкерлері бір күндік жалақысын бөледі. 

Ал А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті 5 білім беру грантын бөлсе, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 10 білім грантын тағайындайды. 

Сондай-ақ, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті алапат өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына 5 білім грантын береді. 

Одан бөлек Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 5 білім грантын ұсынады.

Бұл ЖОО-лар қатарында Тұран-Астана университеті де бар. Аталған оқу орны 10 білім грантын тағайындамақ.