20 там, 2020 сағат 07:27

Бір тәулікте 787 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 800-ге жуық адам шалдықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 787 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 20541, 237 өлім жағдайы тіркелді», - делінген ақпаратта. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 244 адамнан анықталды. Оның ішінде 110 адам - симптомсыз тасымалдаушы. 

Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты. 

Бүгінге дейін коронавирус жалпы 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450 науқас жазылса, 1415 науқас қайтыс болды.