31 мам, 2021 сағат 12:17

Бір аптада елімізде 3,2 мың қылмыс тіркелген


Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз өткен аптадағы криминогендік жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір апта ішінде 3 267 қылмыс жасалды. Оның 2 201-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру қылмысын, 4 арты өлімге әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 25 тонау және 504 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде.