16 там, 2019 сағат 12:15

Білім сапасын арттырмай, гранттар санын көбейту жақсылыққа әкелмейді – Мемлекет басшысы

Тәуелсіздік сарайында білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы өтіп жатыр. Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жоғары білім мәселесін көтерді. 

«Әр ата-ана балаларының жоғары білім алғанын қалайды. Бұл - орынды тілек. Дегенмен бүгінгі кездегі одан да өзекті мәселе – болашақ түлектің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. Бұл үшін жоғары оқу орындарын сапалы біліммен қамтамасыз ету қажет. Оқу үрдісінің сапасын арттырмай, білім гранттарының санын көбейту жақсылыққа емес, жаман нәтижеге алып келуі мүмкін. Сондықтан жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздеп жүріп, оның девальвациясына жол бермеу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке мемлекеттік гранттардың құны мен оның қазіргі заманға сай-сай еместігін мұқият зерттеуді тапсырды.

Еске салсақ, Тамыз конференциясы жыл сайын дәстүрлі түрде жаңа оқу жылының қарсаңында өтеді.

Baq.kz