Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы қымбаттады. Ұлттық банк 3 наурызға арналған доллардың ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,90 теңгеге өскен.
Осылайша бір АҚШ долларының орташа бағамы 490, 43 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 2 наурыздағы ресми бағамы - 487,75 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллар - 492,62 теңге, сонымен қатар 496,29 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде орта есеппен 492,92 теңгеден сатып алып, 494,82 теңгеден сатып жатыр.