Уақытша ұстау изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдайға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ Telegram арнасына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал әнші тарапынан төбелеске ұласқан.
Әлеуметтік желіде тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады.
Аталған құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелген.
Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төрәлі оның қабағын жарып, ұрғанын айтқан еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді. Бүгін әнші тергеу абақтысына қамалды.