© AP Photo / Joe Coomber
Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовка мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
"18 маусымда "Mega Silkway" сауда ойын-сауық орталығында жанжал шығарған кәсіпқой боксшыға ресми түрде іздеу жарияланды. Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Содай-ақ Шүменовке қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Шүменовтің фотосы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы қылмыскерлерді іздестіру бөлімінде жарияланғаны хабарланған болатын.
Скрин: qamqor.gov.kz
Еске сала кетейік, кәсіпқой боксшы ойын-сауық орталықтарының бірінде бала көтерген ер адаммен жанжалдасып, оған бірнеше рет соққы жасаған. Кейіннен Шүменов оқиғаның қалай болғанын айтып, әлеуметтік желіде пікір жазды.