Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылсын", - делінген Жарлықта.