20 мам, 2019 сағат 10:27

Бейбіт Атамқұловтың қырғыз еліне ресми сапары басталды

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталған ведомоствоның Телеграм парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Қырғызстан Сыртқы істер министрі  Шыңғыс Айдарбеков «Қордай» бақылау-өткізу бекетінде болып, қазақ-қырғыз шекарасында адамдар мен көлік құралдарын өткізудегі өзекті жағдаймен танысты.

Шараға ҚР ҰҚК  төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов пен Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Ұларбек Шаршеев қатысты.