28 қаң, 2023 сағат 14:37

Белгілі кәсіпкер Тоқаевтан «Сюцай» мектебін тексеруді сұрады - видео

Фото: adyrna.kz

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила «Сюцай» мектебін тексеруді сұрап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанда Қожамжаров Жанат деген азамат, өзін «бақсы» деп жариялап, «Сюцай» атты жалған ғылым, секта ашып, халықтың санасын улап жатыр.

1. 6000-нан астам Сюцай шеберлерін оқытып, сертификат берді. Енді ол «шеберлердің» әрқайсысы курс ашып, сектаның қызметін ары қарай дамытып жатыр. 

2. Қожамжаров заң бұзуышылықпен айналысып, өзі Қазақстанға келе алмайтын болғандықтан, тренингтерін Дубайда, Түркияда, Қырғызстанда өткізіп жүр. Адамдар "Сюцай шебері болып, мол ақша табасың, байлыққа кенелесің" деген  жарнамаға сеніп, сектаның 5 күндік 1 000 000 теңгелік (Жол шығыны, қонақ үй, басқа шығындарды санағанда 2 000 000 теңге шығын шығады екен) сабағын банктерден несие алып оқып жатыр. 

3. Сабақ барысында Жанат Қожамжаров әйел адамдарды шешіндіріп, арқаларын ыстық сумен күйдіріп, еркектерді кір жерге жатқызып, табанымен таптайды. Онымен қоса (...) түрлі былапыт, боқтық сөздерді қардай боратады. Санасы уланған адамдар осының бәріне шыдап отырады. 

4. Сондай-ақ «Сюцай дети», «Сюцай молодость» деген курстар ашып, жас тренерлер дайындап, енді жастардың санасын улауға дайындалып жатыр. 

5. Өзі өмір бойы Филип Моррис компаниясында күзетші, жүк тасушы болып істеген. 10 сыныптық қана білімі бола тұра, өзіне «Академик Оксфорда», «Доктор наук Евросоюза», «Посол Мира», тағы да басқа толып жатқан атақтарды жамап алған.

6. Отбасы бар әйел адамдарға «Күйеуің моншаға барғанда сабын берме, п.........в бер» деген сияқты отбасын бұзатын ақыл-кеңестер беріп және оны интернет арқылы да таратып жатыр.

7. Қасиетті ханымыз Кенесарының рухын, аруағын Саууле деген әйел адамға қондырдым деп, ол болса, өзінің тегін өзгертіп, Саууле Кенесары Хан Қызы деген атақ алып, интернет арқылы және мыңдаған адамды залдарға жинап, сектаның мүшелерін көбейтіп жатыр.

8. Ресей федерациясының азаматтары Жанаттың Ригада әйелдер мен еркектерді жинап, «оргия» жасағаны жайлы айтып хат жазуда.

Құрметті Президент! Егер де бұл сектаның жұмысын тоқтатпасақ, арты насырға апаруы әбден мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде әр қалада Сюцайдың бірнеше клубы, бөлімшелері бар. Олар күн сайын түрлі тренингтер өткізіп, халқымыздың санасын улап жатыр. Осы сектаның жұмысын тексеруге құзырлы мекемелерге нұсқау беріп, бұл індетті тоқтатуыңызды сұраймыз» - дейді қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила.

видео: Adyrna.kz