Бекболат Тілеухан депутаттық қызметтен кетуін түсіндіріп, жаңа қызметін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс отырысында Бекболат Тілеухан біраз демалып, емделгісі келетінін айтты.
"Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес", - дейді ол.
Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалғанын да айтты.
"Мен сияқты адамдар бос жүре алмайды. Сонымен қатар, бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады. Бізде белгілі бір келісімдер бар, мен біртіндеп соған өтемін", - деді ол.
1291 рет оқылды