сурет ашық дереккөзден алынды
Байқоңырда қарулы ер адам полицейді өлтірмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға былтыр 5 желтоқсанда болған.
"Бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған қаскөй 2022 жылдың желтоқсанында "Лемар" кафесіне келіп, жәбірленушіге екі рет оқ атқан. Алайда кафеде отырған адамдардың арқасында оқ тимеген", - делінген ведомство сайтында.
Одан бөлек, тергеу кезінде ер адам полицейді ел алдында қорлап, былапыт сөздер айтқан.
"Бүгінде ол қамауда, уақытша қамау изоляторында отыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.