АҚШ президенті Джо Байден ресейлік арнайы операцияны айыптап, АҚШ-тың келесі қадамдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақ үй басшысы Twitter-дегі ресми парақшасында Украина президенті Владимир Зеленский әлем көшбасшыларын "президент Путиннің агрессиясына қарсы ашық сөйлеуге және Украина халқын қолдауға" шақыруды сұрағанын айтты.
"Президент Зеленский менімен байланысқа шықты, жаңа ғана сөйлесіп болдық. Мен ресейлік әскерилердің бұл негізсіз шабуылын айыптаймын және оған халықаралық реакцияны тудыру үшін жасалып жатқан қадамдар, соның ішінде бүгін кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өтетінін айттым", - деді Байден.