20 қаз, 2022 сағат 14:40

Басы дауға қалған кәсіпкер қазақ халқынан кешірім сұрады - видео


Қазақстандық кәсіпкер, Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Әлеуметтік желілерде оның қазақ және орыс тілдерінде кешірім сұраған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Сәлем, достар, сіз кешегі видеоның бір бөлігін көрдіңіз. Ең алдымен, барлығынан кешірім сұрағым келеді. Ешкімді ренжітейін деген ниетім болған жоқ. Дұрыс айтасыз, қазір сіздерді өте мұқият тыңдау керек. Не айтқым келіп тұр? Біріншіден, бәрінен кешірім сұрағым келеді. Видеоны қайта қарадым. Шынында да, дөрекі айтылған. Мен - Қазақстан азаматымын. Алматыда туып, осында өстім. Мұнда компания құрып жатырмыз, қызметкерлердің 99 пайызы - қазақстандықтар, мұнда салық төлейміз. Қазақ тілін дамытудың маңызын жақсы түсінемін. Компанияда тілді қолдауға арналған жобалар бар. Қазір жартысы қазақ тілінде, қалғаны аударылып жатыр. Жақын арада мұны аяқтаймыз. Өзіме қатысты келер болсақ, тілді аздап түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Сөйлеуге, үйренуге тырысамын. Достар, тағы бір рет кешірім сұраймын", - деді кәсіпкер.