Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тәртіп сақшыларының еңбекақысы келесі жылдан бастап өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы тапсырма берді. Келесі жылдан бастап жалақы көтеріледі. Сонымен қатар үйді жалға алу үшін өтемақы берілетін полиция қызметкерлерінің саны өседі. Өйткені полиция қызметкерлері өз ісіне адал, жұмысында тұрақты, қарапайым азаматтарға көмек беруі үшін материалдық жағдайы дұрыс болуы тиіс. Сол кезде олардың нақты жұмыстарын талап етіп, сервистік модельге өту жоспарын жүзеге асыра аламыз», - деді Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында.