26 қыр, 2023 сағат 18:37

Баспалдақтан құлаған бала: Министр мектептерге тексеру жүргізуді тапсырды

Фото: primeminister.kz

Бүкіл мектептегі қауіпсіздік шараларын бақылауды күшейту керек. Бұл жайында аппарат жиналысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күні кеше Астана қаласында №14 мектепте оқушымен болған оқиға бәрімізді алаңдатты. Бұдан жекелеген аймақтардағы білім басқармаларының бұл мәселені жіті бақылауда ұстамай отырғанын байқауға болады. Сіздерге үнемі айтылатын дүние: «Мектепте балаларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін басты орынға қою маңызды. Сондықтан бүкіл мектептегі қауіпсіздікті бақылауды күшейту керек», - деді министр.

Сонымен бірге ол өңірлердегі білім басқармаларының жауапты қызметкерлеріне мектепке барып, қауіпсіздік шараларын орындау барысын тексеруді тапсырды.