ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау науқаны туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Вакциналау науқаны басталды, қазіргі кезде тиісті топтарға екпе жасалып жатыр. Сәуір айына қарай екпе өндіру көлемі артады деп жоспарланған. Наурыз айында вакцина өндіру айына 160 мың дозаға дейін жеткізіледі, ал сәуірде 600 мың дозаға дейін болады. Тиісті топтар екпемен қамтылғаннан кейін, сәуір айының соңына қарай екпе салдыруға ниет білдіргендер нарықтағы қолжетімді вакцинаны қойдырады», - деді Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар ол наурыз айында педагогтарды және күш құрылымдардың қызметкерлеріне екпе салдыру басталатынын айтты.
«Сәуірде біртіндеп вакцина салдыруға дайын халықтың басқа да бөліктеріне ауысамыз», - деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 ақпаннан Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 93 мың доза мөлшеріндегі вакцинаның екінші партиясын жеткізу басталды. Осы вакцинамен медицина қызметкерлеріне екпе жасау аяқталған соң, педагогтарды вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр.