20 жел, 2022 сағат 09:56

Бас прокуратура журналист Михаил Козачковтың ісіне қатысты пікір білдірді

Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокуратура журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті.

Белгілі болғандай, М.В.Козачков 2022 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерімен ұсталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы М.В.Козачковты осы ұйымдасқан топқа қатысты (ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), рейдерлік жасады (ҚР ҚК-нің 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен (ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі) айналысты деп күдіктеніп отыр" - делінген хабарламада.

Осыған байланысты М.В.Козачковтың тұратын пәтерінде тергеу сотының санкциясы негізінде күдіктінің жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейне жазбаны пайдалану арқылы тінту жүргізілген.

"Туындаған резонансты ескере отырып, Қаржы мониторингі агенттігі 2022 жылғы 18 желтоқсанда жоғарыда аталған процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында.

Бұл ретте М.В.Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасын және жоғарыда аталған тергеу іс-әрекетінен уақтылы қол жеткізуде оны қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттың кедергі жасау белгілерін бұзу туралы хабарламаларға ерекше назар аударылады" - делінген хабарламада.

Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланады.