16 сәу, 2024 сағат 17:53

«Бәрімізге қатысты» орталығы Орал өңіріне гуманитарлық көмек жіберді


«Бәрімізге қатысты» орталығы су астында қалған Орал өңіріне гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жіберді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Азық – түлік өнімдерін, тұрмыстық химияны, жылытқыштарды, жастықтар мен көрпелерді, киім-кешек пен аяқ киімді, балаларға арналған заттарды, бөтелкедегі суды, құрал-жабдықты, еріктілерге арналған сөмкелер мен қолғаптарды Жаңа Адамдармен бірге, жинауға, Орал халқы мен Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алушылар қолғабыс етті.

"Бәрімізге қатысты" орталықтарында зардап шеккен аймақтардағы адамдарға көмектесу үшін еріктілер топтары құрылып жатқанын айтады. Қазір “жағдайға немқұрайлы емес” адамдар арасынан Петропавл аймағына көмек қолын созу үшін еріктілер тобы жиналуда.

Қорға қосылу үшін мына нөмірге қоңырау шалыңыз: 8 707 070 40 50.

"Бәрімізге қатысты" орталықтарына келіңіз:
Астана - Мәңгілік Ел, В2.2
Алматы - Байтұрсынов, 67