21 там, 2019 сағат 17:46

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен кетті

Ержан Ерсаинов ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Ержан Ерсаинұлы Ерсаинов Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.