Сенатор Сәуле Айтпаева UNICEF өкілімен кездесті,деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 маусым күні Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева қызметінің аяқталуына байланысты UNICEF-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныйды қабылдады.
Кездесу аясында бала құқықтарын қорғау мен ілгерілету саласындағы өзара іс-қимылдың нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі UNICEF-пен бірыңғай саясатының сабақтастығы талқыланды.
Сенатор Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаевтың тарапынан еліміздегі балалардың жағдайы мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мемлекеттік әлеуметтік саясат Ата заңға, «Бала құқықтары туралы» конвенцияның ережелері мен халықаралық міндеттемелерге сәйкес баланың дене бітімі мен интеллектуалдық дамуын, рухани, адамгершілік және әлеуметтік тұрғыда толыққанды болып өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен табысты қызмет пен белсенді әріптестік үшін алғыс айтып, балалардың құқықтарын қорғау саласында ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.