Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында айтылған.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (...) KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 4 ақпандағы шешімі бойынша, Бақыт Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады.
Олар: Бақыт Сұлтанов, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Әсем Нұрғалиева, Рустам Жүрсінов, Тимур Жақсылықов, Әділ Мұхамеджанов, Гаухар Бөрібаева.
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер – электрик» мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Қаржы нарығының бағалы қағаздары басқармасының акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастаған.
1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бөлім бастығы, содан кейін басқарма бастығының орынбасары (1996), Бюджеттік департамент директорының орынбасары (1997), Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры (1998), Қазынашылық департаменті директорының орынбасары (1999), Бюджеттік департамент директорының орынбасары (2001), Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры (2002) болып тағайындалды.
2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы маусымға дейін - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры.
2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.
2007 жылғы қаңтардан 2007 жылғы 10 тамызға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2007 жылғы 10 тамыздан бастап - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2010 жылғы 13 наурызда президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылғы 21 қаңтардан 2013 жылғы 6 қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
2013 жылғы 6 қарашадан 2018 жылғы 11 қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
2018 жылғы 11 қыркүйектен 2019 жылғы 13 маусымға дейін - Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының әкімі.
2019 жылғы 17 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.
2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.