Әзербайжан Қорғаныс министрлігі халықаралық әскери ынтымақтастық департаменті бастығы, генерал-майор Гусейн Махмудов Бакуде аккредиттелген шетелдік әскери атташелерге брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Әзербайжан әскери ведомствосы сайтына сілтеме жасап.
Шет мемлекеттердің өкілдеріне мемлекеттік шекараның Дашкесан, Кельбаджар және Лачин бағыттарындағы Армения Қарулы Күштерінің ауқымды арандатулары туралы толық ақпарат берілгені айтылды.
"Кейінгі жылдары армян тарапының осы бағыттардағы позицияларымызды жүйелі түрде атқылауының басты мақсаты – бейбіт келісімге қол қоюды және азат етілген аумақтарда жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарын кейінге қалдыру", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік Арменияның әскери арандатуы халықаралық құқықтың негізгі нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ 2020 жылғы 10 қарашадағы үшжақты мәлімдемелер ережелерін өрескел бұзу саналатыны айтылды.
"Армян тарапының Әзербайжанға қарсы кезекті агрессиясы халықаралық құқықтың іргелі нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ Әзербайжан, Армения және Ресей Федерациясының басшылары қол қойған үшжақты мәлімдемелердің ережелерін өрескел бұзу болып саналады (2020 жылғы 10 қараша). Арменияның бұл қадамдары қарым-қатынастар мен бейбітшілікті қалыпқа келтіру үдерісіне толығымен қайшы келеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжан қарулы күштерімен түнгі қақтығыста 49 армян сарбазы қаза тапқанын айтқан болатын.